Текст
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Жалпыұлттық акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол – шекарасыз жақсы!» ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке баруының алдын алу.