"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

0-сынып оқушыларынан Ұстаздар күніне арналған құттықтау!

02.10.2026

Ұстаздар күні қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 0-сынып оқушылары мектеп педагогтеріне арнап жүрекжарды бейнеролик дайындады. Бейнероликте ұстаздарға арналған шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды.

Кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың мейірімділігі, қамқорлығы, сабырлылығы және балаларға деген сүйіспеншілігі үшін алғыстарын білдірді.

Мектептің кішкентай оқушыларынан келген бұл құттықтау педагогтер үшін балалардың шынайылығы мен жүрек жылуына толы жағымды әрі қуанышты сый болды!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Барша педагогтерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, алғыс білдіретін шәкірттер және ізгі де абыройлы еңбектеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

/public/files/2026/10/2/021026_142238_whatsapp-video-2026-10-01-at-170633.mp4

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст