Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ұстаздар күніне арналған іс-шаралар аясында оқушылар мен педагогтер «Даналық ұстаздан» челленджіне қатысты.
Челлендждің мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен алғысты білдіру, мұғалім еңбегінің маңыздылығын айқындау, сондай-ақ аға буынның өмірлік даналығын, ізгі кеңестері мен адамгершілік құндылықтарын өскелең ұрпаққа жеткізу.
Челлендж әр адамның өміріндегі ұстаздың рөліне арналды. Қатысушылар білімнің, оқудың, құрмет пен адамгершіліктің маңызы туралы жылы сөздер, ізгі тілектер, ақыл-кеңестер мен ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығына және өз еңбегі, білімі мен өмірлік тәжірибесі арқылы лайықты азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосып жүрген жандарға құрметпен қарауға ерекше назар аударылды.
«Даналық ұстаздан» челленджі педагогтер мен оқушыларды біріктірген жылы, достық әрі шығармашылық атмосферада өтті.
Іс-шара оқушылардың ұстазға деген құрметін, білімнің құндылығын, қарым-қатынас мәдениетін және тәлімгерлерге деген ризашылық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
«Даналық ұстаздан» – ұстаздың шәкірттеріне жеткізетін даналығы, білімі мен мейірімі!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/2/021026_143729_whatsapp-video-2026-10-02-at-083217.mp4
/public/files/2026/10/2/021026_143754_whatsapp-video-2026-10-02-at-085928.mp4
/public/files/2026/10/2/021026_144001_whatsapp-video-2026-10-02-at-085934.mp4