"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс іс-шара Поле чудес сынып: 9-11

Сыныптан тыс іс-шара                                            

  (Поле чудес)

 Мектеп:  « Жолымбет №1 орта метебі» ММ          Сынып 9-11.    Оқушылар саны: 9

Мерзімі:  ___________________

 Мұғалімі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Рахат А.

Тақырыбы:   «Қазақ мәдениетіне саяхат»

Мақсыты: Оқушылардың  сабағын ойын-сайыспен  ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту. Танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру.

Көрнекі – құралдар:

  1. Ойын алаңы.
  2. Табло
  3. Айналдырғыш барабан.
  4. Екі шкатулька.
  5. Слайдтар.
  6. Жеңімпаздарға сыйлық.
  7. Жеңімпазға мақтау қағазы.

Ойын жоспары:

  1. Жүргізушінің сөзі.
  2. Поле чудес ойынының шартымен таныстыру.
  3. Әр турдың үштік ойыншыларымен таныстырып, олардың ішінен тапқырларды табу.
  4. Ол тапқырлардың ішінен финалда жеңімпазды таңдау, онымен супер ойынды ойнау.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ұстаздар және оқушылар! Біз сайыс ойынымыз  «Поле чудесті» бастағалы отырмыз. Сайысымыздың тақырыбы: «Қазақ мәдениетіне саяхат»- деп аталады.Құрметті көрермендер, алдымызға 9-11 сынып оқушыларын  шақырамыз.

Ойынның шартымен танысып алайық:

  1. Бір – бірлеріңе көмектесуге болмайды.
  2. Барабанды айналдырып, айтқан әріп дәл келмесе, онда ойын қасыңдағы келесі ойыншыға беріледі.
  3. Егер ойыншы бірден 3 әріпті дұрыс тапса, онда оған сыйлық беріледі.
  4. Барабанды тек, 1 рет қана айналдырамыз.
  5. «П» ПРИЗ-СЫЙЛЫҚ – ойыншы сыйлықты таңдауына болады, не ойынды жалғастыруына болады. Сыйлықты таңдаса, ол қара жәшікте жасырылған. Жүргізуші ойыншымен саудаласады сыйлық үшін, жәшіктің ішінде сыйлық болады.
  1. «+» ПЛЮС-ҚОСУ – ойыншы тордағы любой әріпті аша алады, егер оның айтқан әріпі болса және ол әріп, осы сөзде  бірненше кездесе бәрін ашады.
  2. «Б» БАНКРОТ – ойыншының барлық жинаған ұпайлары жанып кетеді, ал ойын келесі ойыншыға өтеді. Егер ойыншы екі рет БАНКРОТқа түссе , онда оған жұбату сыйлығы беріледі.
  1. 100.200.300.400.500 ұпай – ойыншы әріпті дәл тапса, онда 100 ұпай алады.
  2. Ойын 3 турдан тұрады, оның ішінен 3 тапқыр шығады,  ол 3 тапқырдың ішінен 1 жеңімпазды  финалға және сурпер ойынға шақырамыз.

Жүргізуші: Бізге қазір 9-11 сыныптардан  9 оқушы  алдымызға шығады. Сендерге  сұрақ қоямын. Кім сұрақтың жауабын білсе қолын көтереді. Дұрыс жауапқа «1», «2», «3» сандар беріледі.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағы.

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады, — деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

1 тур.  Бірінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен  қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Бірінші үштікке сұрақ:

 

-Мемлекеттің рәмізіміздіңі бірі Тудың ортасындағы қыран құстың басқаша атауы қалай аталады?

Жауабы: Бүркіт

 

2 тур. Екінші  үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Қатардан артта қылып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық! — деп келесі 2 турымызды бастайық.

Екінші  үштікке сұрақ: 

-Бұл кейіпкердің аты кім? Және киноның аты қалай аталады?

Жауабы: Қожа

 

3 тур.Үшінші  үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Үшінші үштікке сұрақ:

-Бұл аспап қалай аталады. 8 ғ. Қорқыт атамыз ойлап тапқан алғашқы аспаптың атауы?

 Жауабы: Қобыз

 

 Жүргізуші: Финалға үш турдан жеңіп шыққан 3 жеңімпазымыз шықырамыз.

ФИНАЛ

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»

Сұрақ: Бұл қазақ мәдениетінің символына айналған оң-өрнектің бір түрі. Ою қалай аталады?

Жауабы: қаз мойын

 

Жүргізуші: Финалда 3 жеңімпаздың 1 – еуі ғана жеңіп шығады. Ал қасындағы 2 кісіге сыйлық беріп, сахнадан шығарып саламыз.

Супер ойынға қатысу.

 

СУПЕР ИГРА              

Супер ойын келесі түрде өтеді:

Жүргізуші сұрақ қояды соны 1 минут ішінде дұрыс жауабын айту керек, тапса ұпайы екі есе көбейеді.  Егер оны 1 минут ішінде таба алмаса, алдындағыдай барабанды айналдырып әріптер айтады.Таба алмаған жағдайда ұпайлары күйіп кетеді.

Сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарында аса маңызды орын алатын ойыншық атауы қалай аталады?

 Жауабы: Асық

Бүгінгі сайыстың жеңімпазы___________________болды.

Жеңімпазға сыйлық беріледі.

Бүгінгі көріп тамашалаған «Поле чудес» атты сабақтан тыс іс шарамыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Қош, сау болыңыздар!

Назар қойып тыңдағандарыңызға  рахмет.

 

 

 

 

Cыныптан тыс іс-шараның қорытындысы

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндік жоспары бойынша 27.01.2021 күні 9-11 сыныптар арасында қазақ тілінде «Қазақ мәдениетіне саяхат»  тақырыбында сыныптан тыс іс – шара (Поле чудес) болып өтті.

       Іс – шараның мақсаты: Оқушылардың  сабағын ойын-сайыспен  ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту. Танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру.

      Іс – шараға 9 оқушы қатысып, нәтижесінде 11 «А» сынып оқушысы Муратов Равиль  «Супер ойыншы» атанды.  Сайыс көңілді әрі қызықты, тартысты өтті. Оқушылар ойынға бесенділік танытып, бір – бірімен білім деңгейлерімен бақ сынасты.

     Ойын соңында қатысқан оқушылар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жаңартылған күні: 03.02.2021 09:59
Құрылған күні: 03.02.2021 09:59

Текст