"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ " Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау "мемлекеттік қызметін көрсетеді,
алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдау.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің ЭЦҚ арқылы).
Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір жұмыс күні.
Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады ) немесе цифрлық құжаттама қызметінен алынған электрондық құжат;
2) Белгіленген нысандағы мәлімдеме
3)3х4 см өлшемдегі баланың 2 фотосуреті ;
4) № 065/у «Профилактикалық егу картасы» және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар.