Бүгін 8-11 сынып оқушылары арасында
ХХII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңіне өту іс- шарасы ұйымдастырылды. Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқуларының негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. “Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 11 “А” сынып оқушысы Яровая Анастасия қатысып 3 орынға ие болды.
“Ұлылар әлемі” Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазудан 11 “А” сынып оқушысы Салиенко Юлия қатысып алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: Калбаева Ш.Б., Тен Е.В.