29.04.2026
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде «Ойынға салауатты көзқарас» аясында «Виртуалды әлем – нақты қауіптер» тақырыбында оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу, цифрлық технологиялар мен ойын контентін пайдалануға жауапкершілікпен және саналы көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері: оқушыларды лудомания ұғымы және оның салдарымен таныстыру; гаджеттер мен компьютерлік ойындарды пайдалануда өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; виртуалды ортаға қатысты сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; интернетке тәуелділік қауіптері туралы ақпараттану деңгейін арттыру; салауатты өмір салтын және бос уақытты тиімді өткізудің баламалы түрлерін насихаттау.
Іс-шара барысында оқушыларға «лудомания» ұғымы құмар және компьютерлік ойындарға тәуелділік ретінде түсіндірілді. Бұл тәуелділік уақыт пен мінез-құлықты бақылаудың жоғалуымен сипатталатыны айтылды.
Ойынға тәуелділіктің негізгі белгілеріне ерекше назар аударылды: ойынға шамадан тыс әуестену, үлгерімнің төмендеуі, ашушаңдық, күн тәртібінің бұзылуы.
Оқушылар виртуалды ортаның негізгі қауіптерімен танысты: психологиялық тәуелділіктің қалыптасуы; физикалық және эмоционалдық жағдайдың нашарлауы; әлеуметтік белсенділіктің төмендеуі; алаяқтық және жағымсыз контентке тап болу қаупі.
Сонымен қатар тақырып аясында өмірлік нақты жағдайлар қарастырылып, ойынға шамадан тыс әуестенудің салдары және оның алдын алу жолдары талқыланды. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, уақытты тиімді бөлу және спорт, шығармашылық, кітап оқу, тірі қарым-қатынас сияқты баламалы әрекеттерді дамыту бойынша ұсыныстар берілді.
Өткізілген іс-шаралар оқушыларда ойынға салауатты көзқарасты қалыптастыруға, ойынға тәуелділік қаупін азайтуға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi