"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық киім — халықтың тірі тарихы»

29.04.2026

18 Наурыз – «Ұлттық киім күні»

Наурыз мерекесін атап өту аясында, әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттық киім – асыл мұра» атты сән фестивалі және «Ұлттық киім – мақтанышымыз» челленджі өткізілді. Аталған іс-шаралар қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрлері мен эстетикасын насихаттауға бағытталды.

Мақсаты: оқушылардың ұлттық дәстүрлерге деген құрметін қалыптастыру, қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен таныстыру, мәдени мұраға қызығушылықты арттыру және өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтер ұлттық киімдерді (ұлттық киім элементтерін) таныстырып, мәдени дәстүрлерді сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын көрсетті. Шаралар музыкалық сүйемелдеумен, ұлттық киімдердің көрсетілімімен, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен тарихындағы ұлттық киімнің рөлі туралы әңгімелермен толықтырылды. Сонымен қатар ұлттық киімдердің ерекшеліктері мен мағынасы, олардың ою-өрнектері, түстер үйлесімі мен символикасы туралы мәліметтер берілді.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың ұлттық мәдениет туралы білімдерін кеңейтіп, дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырып, өз халқының мәдени мұрасына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст