Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (ПДО) жұмысы балаларды тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін енгізуге және отбасылар кездесетін қиындықтарды жеңуге бағытталған. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу, дамыту мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері, бұл процестердің оқу орны шеңберіндегі балаларды дамыту мен тәрбиелеуге әсері жүйелі педагогикалық қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2023-2024 оқу жылының қорытындысы шығарылатын, түрлі мәселелер қаралатын, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударылатын сыныптық ата-аналар жиналысы өтеді. Ата-аналарды педагогикалық қолдауда үлкен орын отбасылық әл-ауқаттың негізі ретінде ұлттық мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, отбасылық құндылықтарға жатады. Жиналыс барысында ата-аналарға ұсыныстар беріледі, брошюралар, жадынамалар таратылады.
#4ТОКСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#
#біртұтас_тәрби #me