23.10.2026
Құрметті ата-аналар!
Көптен күткен күзгі демалыс та жақындап келеді! Бұл – балаларымыз үшін тынығуға, жаңа әсерлер алуға және қызықты істермен айналысуға тамаша мүмкіндік.
Алайда демалыс тек тынығу уақыты ғана емес, сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік арта түсетін кезең екенін ұмытпаған жөн.
Сіздерден кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.
Балаларға жол қозғалысы ережелерін және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын еске салыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмай, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылаңыздар.
Өрт қауіпсіздігі және электр құралдарын пайдалану ережелері туралы түсіндірме әңгімелер жүргізіңіздер. Су айдындарының, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарының маңында жүрудің қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
Балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылап, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың қауіптілігі туралы ескертіңіздер.
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың қауіпті екенін және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салыңыздар.
Балалардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты ұйымдастырып, олармен бірге демалуға және әңгімелесуге көбірек уақыт бөліңіздер.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен біздің жауапкершілігімізден, назарымыздан және қамқорлығымыздан басталатынын ұмытпаңыздар!
Күзгі демалыс әр балаға қуаныш, жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер сыйласын! Ең бастысы, демалыс қауіпсіз өтсін!
Барлық балалар мен ата-аналарға көңілді, тыныш әрі қауіпсіз күзгі демалыс тілейміз!
Құрметпен, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
