26 сәуірде "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушылармен және ата-аналармен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесулер өткізу кестесіне сәйкес,
кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, есірткі қылмысы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 9, 10, 11 сынып оқушыларының Жолымбет кентінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж. Д. Самбетовпен кездесуі өтті.
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу;
оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесін талқылау;
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерін түсіндіру; күрделі жағдайларды сыни тұрғыдан талдауда өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылардың ЖҚЕ қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелер (мопедтер, мотоциклдер, скутерлер) қаралды.
#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu