«Біздің азаматтарымыз еліміздің дамуына, құтты қазақ жерінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Мен жерлестеріме Отан жолындағы жасампаз еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз біртұтас еңбекші халық болып бірге мақсатымызға жететініміз – әділ қоғам құрып, мемлекеттігімізді нығайтарымыз даусыз». Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев.
Алғыс күні – көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі, бірліктің символы.
Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты – қоғамда адами құндылықтар: мейірімділік, достық, алғыс, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы қазақы болмыс пен халық бірлігін нығайту және дамыту.
Мектеп жетекшісі А.Малинина «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ Мектеп парламентінің мүшелерімен «Болашаққа бірге!» флешмобын өткізді, Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылды. Мақсаты: Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: ұлттық құндылықтарды нығайту және насихаттау: бірлік, ынтымақ, еңбексүйгіштік, білімге табынушылық, кәсіпқойлық, өзара қолдау, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық, үнемшілдік; «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі», «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның рухани байлығы – адамгершілік», «Ризашылық – мейірім» «Ділік бұлағы» ұранымен қоғамда, әсіресе жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. ."
#өзінөзібасқару #кіртуұтас_тәрти#medetbekovameruert
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie#oqu_agartu_ministrligi#aqmoed