Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде құқық бұзушылық жасау жағдайларын анықтау және жою бойынша тәрбиелік, ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық шараларды жүргізу болып табылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың негізгі себебі – олардың өз әрекеттерінің салдарын түсінбеуі немесе дұрыс бағаламауы және заңсыз әрекеттерді қауіпті, бірақ қызықты ойын деп санауы. Құқықбұзушылықтың жағдайлары – дұрыс тәрбие бермеу, бос уақытты өткізу, жұмыссыз орта, қоғамдағы келеңсіз процестер. «Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданындағы білім бөлімінің Жолымбет атындағы 1-ші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 9-сыныптарда «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сабақ өткізді. . Құқық бұзушылықтың алдын алу үлкен маңызға ие және оң нәтижелерге қол жеткізу үшін тәрбие мәселелерін шешудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатыны сөзсіз.
#біртутас_тәрбие #медетбековамеруерт #ақмолаоблысыбіртутас_тәрбие
#оқу_ағарту_министрлігі
#aqmoedu