«Жүрегімізбен ерлікті қалдаймыз»
Ауған соғысын бастан кешкендер өздерін «жауынгер-бауырдастар» деп атайды
және соғыс кезіндегідей осыкүндері бір- біріне көмектесуді
жалғастырып келеді. Бұл сұм соғыс әрқайсысы ның өмірінде із қалдырды.
Біздің мектепте Ауғанстаннан кеңес әскерлерін
шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Біз соғыста
қаза тапқандарды еске алдық және соғыстан оралған «жауынгер-
интернационалистерге» құрмет көрсетуге жиналдық.Бұл іс-шараға ауған соғысының
ардагері Еркін Әуезханов, Леонид Подкаура, Амангелді Тобышев, Рашит Салдихов,
шақырылды.
Біздіңкентіміздің әкімі Еркін Әуезханов ауған соғысының ардагерлерін,
қызметтестерін еске алды, осы іс-шарапнвң жастарды
патриотизмге тәрбиелеуде маңыздылығынатап өтті. Бұл соғыс жылдар өтсе де,
естен кетпейді. Соғысты көргендерге еске түсіретін көп жайттар бар. Біздің ауған соғысының ардагерлері
Отанның және халықтың алдыда батырлықтың, ерліктің , патриотизмнің үлгісі болып
табылады. Біз әр жылдары өзінің интернационалдық борышын атқарған жерлестеріміздің Қ.Айтжановтың, Ж,Азденбаевтың, Қ.Байтасовтың, И.Гочаровтың, В.Гребенюктің, Ю.Диденконың К.Елеевтің, Қ.Жүнісовтың, С.Литвиновтың, Р.Нұржановтың Л.Подкаураның, Р.Салиховтың,
Г.Сералиновтың, А.Тобышевтың, Қ.Орынбасаровтың, М.Фроликовтың ерліктеріне
бас иеміз.
Сол заманнан бері біраз уақыт өтті. Ақырындап жаралар жазыла бастады, солдаттар мен
офицерлер ересек бола бастады.Бірақ сонау ауған соғысы туралы естелік жылдар мен
шақырымдар өтсе де ұмытылмайды.
Жас ұрпақтар ауған соғысының ардагерлеріне үлкен сыйластық білдіріп,
патриотизмдікті үйрен се екен деп тілейміз.