Оқушылар әрқашан қысқы демалысты күтеді. Бұл демалуға, туыстарымен және достарымен серуендеуге, қызықты істермен айналысуға тамаша мүмкіндік... "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қысқы каникул кезеңінде әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес дене шынықтыру мұғалімдері оқушылармен спорттық эстафета өткізді. Балалар қуана қатысты. Спортпен шұғылдану-денені физикалық дамыту және нығайту, белсенді салауатты өмір салты. Демалыс-бұл жаңа нәрсені үйренуге, ескісін жеңіл немесе ойын түрінде қайталауға және ұмытылмас тәжірибе алуға болатын уақыт. Ең бастысы, сабақтың қарқындылығы бала үшін төмен және ыңғайлы.
Жаңа жылдық демалыс-бұл жыл бойы ойлаған барлық идеяларды жүзеге асыруға болатын уақыт.
#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#aqmoe