Текст
15 қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні. Тәрбие жұмысы бойынша әзірленген жоспарға сәйкес, "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ-де сынып жетекшілері Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай іс-шаралар өткізді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты: ұлттық валюта - теңгенің, елдің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын анықтау; ұлттық валюта – теңгенің пайда болу тарихы бойынша ақпарат беру; отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Іс-шаралар зияткерлік-танымдық түрде өтті.
#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi #aqmoedu