Текст
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ШМО онкүндігі барысында "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі Гүлнара Қабдуллқызы Жолдығазинова "жүйке жүйесі қандай функцияларды орындайды" жаратылыстану пәнінен 4 "А "сыныпта сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жүйке жүйесінің жұмысымен, жүйке жүйесінің қандай бөліктерінен тұратындығымен танысты, жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін зерттеді. Қорытындысында 4 сынып оқушылары арасында "Үздік оқырман күнделігі" байқауы өтті.
#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi #aqmoedu