Текст
12 қазанда Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ - де "Сарбат-Ақжол "оңалту орталығы"ҚБ теолог маманымен кездесу өтті. 9-11 сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында "Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі"тақырыбында әңгіме өтті. Әңгіме соңында оқушыларға "ақпараттық қауіпсіздік"жадынамалары таратылды.#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi #aqmoedu