Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің хаты негізінде ҚР Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың (2023 жылғы 27 сәуірдегі№15-11/Б-272 лп) тапсырмасына сәйкес 12 мамырда "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет к.1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де ұжым мен мектеп оқушылары арасында оқу-жаттығулар өткізілді.
Өткізілген оқу-жаттығулар барысында білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық шеңберінде бекітілген Алгоритмдер пысықталды (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117).
Оқу-жаттығу шеңберінде келесі мәселелер пысықталды: алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес мектеп персоналына нұсқау беру; алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру; персонал мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру; техникалық құралдардың (дабыл түймесі, бейнекамералар) жұмыс істеуін тексеру, сондай-ақ жедел әрекет ету.