"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ, мектеп кітапханасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ақпараттық – танымдық сағат өтті.
Мақсаты: оқушылардың басқа ұлт өкілдерінің өміріне, олардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылармен Қазақстан тарихын, халықтарды білуге арналған викторина өткізілді. Оқушылар өздерінің жақсы білімдерін көрсетті, қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен танысты, мерекенің пайда болу тарихы туралы білді.
Оқушылар үшін дайындалды:
"Біз тұратын Ел"викторинасы;
Үстел ойындары "басқатырғыштар", " бұл кім?».
Іс-шара соңында оқушылар бір-біріне отбасыларында бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық, бақыт пен амандық, елімізге өркендеу тіледі. Оқушылар өзара достық пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Отан патриоттары ретінде сөз сөйледі.