"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ "Интернет желісіндегі қауіпсіздік"іс-шаралары өтуде.
Өткізілетін іс-шаралар барысында Интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселесі, әлеуметтік желілердегі этикет мәселесі қаралады.
Іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың назарын Интернет желісіндегі ықтимал қауіптерге аудару, оқушылардың желідегі қауіпсіздік мәселелерінде сауаттылығын арттыру, желіде жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Оқушыларды Интернет желісінде жұмыс істеу кезінде кездесетін ықтимал қауіптермен таныстыру.
Желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, желіде жалпы қабылданған моральдық мінез-құлық нормаларын қолдану қажеттілігін әзірлеу.