Текст
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. 1 мамырда Қазақстан мейірімді де жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында біз біртұтас халықпыз. «Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының 1 орта мектебі» КММ бірлік күнін мерекелеу қарсаңында әзірленген жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар өткізілуде.