Текст
Адамзаттың ең жоғары жетістіктерінің бірі – 20 ғасырда басталған ғарыш кеңістігін игеру. Тарихтағы жаңа кезең «ғарыш таңы» деп аталды. Қазақстан үшін Космонавтика күні ерекше маңызға ие. Оның жерінде аңызға айналған бірінші және одан кейінгі ғарыштық ұшулардың ұшыру алаңы – Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет ауылы №1 орта мектебі» КММ-де ғарышкерлер күніне орай іс-шаралар өтуде.