Текст
«Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақмола облысы әкімдігінің Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қазақстан – біртуар тұлғалар» атты іс-шара өтті. Қазақ халқы Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан және қосып жатқан біртуар ұлдарын әрқашан мақтан тұтады. Қазақстанның көрнекті тұлғалары – халықтың мақтанышы. Бұл – ел тарихының шежіресіне ерліктері жазылған тұлғалар. Олардың есімдері Қазақстанның визит карточкасы. Олардың күш-жігерінің арқасында мемлекеттіліктің қалыптасуы мен еліміздің тәуелсіздігі жүзеге асты. Бұл есімдер мен жетістіктерді әрбір қазақстандық білуі керек.