Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет атындағы №1 орта мектебі» КММ-де №1 мектепте Lessonstudy-мен танысу бойынша коучинг өткізілді. Коучингтің мақсаты: коучинг сессиясына қатысушыларға «Lessonstudy» тәсілін түсінуге және осы әдісті оқу үрдісінде қолдануға көмектесу. Күтілетін нәтиже: Коучингке қатысушылар Lessonstudy әдісімен танысады және оқыту тәжірибесін жақсарту үшін осы зерттеу әдісін оқу үдерісінде қолданудың маңыздылығын бағалайды.