Текст
Қазанның 12-сі күні 3 «Б»–сыныпта қазақ тілі пәні мұғалімі Рахат А «Қайырымды бала» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Тақырыпқа сай мәтінді тыңдау. Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Кестені толтырып, мазмұндау. Жасалған жұмыс арқылы оқушылардың функцианалды сауаттылығын қалыптастыру.
Осы мақсатта көптеген әдіс- тәсілдер: «Баспалдақ», «Жақсы көңіл- күй» әдісі, «Қыстырғыш», «Берілген бағыт» әдісі, «Сұрақ-жауап», «Шыбын ұрғыш», «Шапалақ», «Қос аяқ», «Өрмекші торы» сынды әдістер мен тәсілдер қолданылды.