"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Менің Отаным – Қазақстан!»

23.10.2026

«Менің Отаным – Қазақстан!»

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған Қазақстан Республикасының Республика күніне орай танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында жас қатысушылар Отанымыз туралы кітаптармен танысып, туған Қазақстанымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтті.

Балалар үлкен қызығушылықпен сурет салып, тақырыпқа сай қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап, шығармашылық арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім, жарқын эмоциялар мен шығармашылық қуаныш сыйлады.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында ерте жастан Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық дәстүрлерге құрметті және өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

/public/files/2026/10/23/231026_125658_whatsapp-video-2026-10-22-at-170215.mp4

Просмотров: 57


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст