Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында мұғалім Слепкина Диана Александровнаның «Бастауыш мектепте оқуға деген ынтаны арттырудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы авторлық жұмысының таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсілдер мен әдістер ұсынылды. Олар оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Таныстырылым педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға және балалардың кітап оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруге мүмкіндік берді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/22/221026_162216_whatsapp-video-2026-10-21-at-133812.mp4