20.10.2026
«Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізілді!»
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 4 «Б» сыныбында «Тірі ағзалар бір-бірімен қалай әрекеттеседі? Қоректік тізбек дегеніміз не?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың табиғаттағы өзара байланыстар туралы білімдерін қалыптастыру, қоректік тізбектер құрастыру дағдыларын дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар талқылауға белсенді қатысып, практикалық тапсырмаларды орындады және топтық жұмыс барысында ұйымшылдық пен өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/20/201026_132404_whatsapp-video-2026-10-19-at-163413.mp4