19.10.2026
«Заманауи әдістер – сапалы білім кепілі»
Бүгін бастауыш сыныптар онкүндігі аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сынып мұғалімі Г.К. Жолдығазинова 3 «А» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар 6, 7, 8 және 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін пысықтап, шамалар арасындағы өзара байланысты анықтауға арналған есептер шығарды. Сонымен қатар формулалармен танысып, оларды практикалық тапсырмаларды орындау барысында қолдануды үйренді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында мұғалім белсенді оқыту әдістерін, Wordwall білім беру платформасын және «Жарыс» интерактивті ойынын тиімді пайдаланды. Ойын түріндегі тапсырмалар сабақты қызықты, қарқынды әрі тартымды етіп, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен математикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сабақ белсенділік пен ынтымақтастыққа негізделген жағымды атмосферада өтті. Ашық сабақ бастауыш сынып оқушыларын оқытуда заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданудың үлгісін көрсетті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

