"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Нан – дастарқанның берекесі»

19.10.2026

«Нан – дастарқанның берекесі»

Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп кітапханасында Дүниежүзілік нан күніне арналған танымдық әрі қызықты іс-шара өткізілді.

Оқушылар тақырыптық бекеттерде ұйымдастырылған түрлі тапсырмаларды орындауға белсенділікпен қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Балалар «Еркелетіп ата», «Алтын масақтың жұмбақтары», «Диқанға не қажет?», «Мақалды жалғастыр», «Дұрыс немесе бұрыс», «Бидай алқабы» атты бекеттерде қызықты тапсырмаларды орындады.

Сонымен қатар оқушылар нан туралы кітаптарды іздеп тауып, осы құнды тағамға арналған әдебиеттермен танысты. Әсіресе, балаларға наубайшының мүсіні мен нан салатын себетті құрастыруға арналған «Шығармашылық шеберхана» бекеті ерекше ұнады.

Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, оқушылардың нан туралы білімдерін кеңейтуге, оны өсіріп, өндіретін және пісіретін адамдардың еңбегімен таныстыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ нанды қадірлеудің, оны ысырап етпеудің, диқаншылар мен наубайшылардың еңбегін бағалаудың маңыздылығы еске салынды.

Нан – береке мен еңбектің символы. Оны қадірлеу – адал еңбекке құрмет көрсетудің белгісі!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 24


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст