Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай, тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де еліміздің басты ұлттық мерекесіне арналған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жетістіктері мен ұлттық мұрасына деген қызығушылықты арттыру.
Бейнероликтерде Республика күнінің маңызы, оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы тарихи рөлі, тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдері мен жетістіктері, азаматтық белсенділік пен әрбір адамның туған елінің болашағы алдындағы жеке жауапкершілігінің маңызы көрініс тапты.
Іс-шара барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз еліне деген мақтаныш сезімін нығайту, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Республика күнінің маңызын түсіндіру және еліміздің болашағы үшін әрбір азаматтың рөлін ұғындыру міндеттері көзделді.
#RepublicDayKazakhstan
#РеспубликаКүні
#Адал_азамат
#aqmola_metod_center
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/19/191026_105426_whatsapp-video-2026-10-15-at-072943.mp4
/public/files/2026/10/19/191026_105502_whatsapp-video-2026-10-15-at-072958.mp4