"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы

14.10.2026

«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы

Өскелең ұрпақты мейірімділікке, қайырымдылыққа, аға буын өкілдерін құрметтеуге және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге тәрбиелеуге бағытталған «Қамқор» жобасы аясында «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәлімгері оқушылармен бірге еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуге арналған қайырымдылық акциясына қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар еңбек ардагеріне шаруашылық жұмыстарын атқаруға қолғабыс етті. Олар бірлесе отырып, отынды реттеп, сарайға жинап орналастырды және көмірді кіргізуге көмектесті. Оқушылар өздерінің еңбекқорлығын, жауапкершілігін және аға буынға деген қамқорлығын көрсетті.

Мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор. Олар оқушылардың қарт адамдарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, өзара көмек көрсету, жанашырлық таныту және әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін дамытуға ықпал етеді.

Акцияның басты мақсаты – ізгі істердің қарапайым әрекеттерден басталатынын, ал аға буынға көңіл бөліп, қамқорлық көрсету адам бойындағы маңызды құндылықтардың бірі екенін ұғындыру.

Белсенділік танытып, қайырымдылық акциясына қатысқан, жанашырлық пен қамқорлық көрсете білген барлық оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Жақсылық жасау – айналаңдағы әлемді жақсарту!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 78


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст