14.10.2026
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясындағы зияткерлік олимпиадалар
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2, 3 және 4-сынып оқушылары арасында орыс тілі мен математика пәндерінен зияткерлік олимпиадалар өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, қабілетті балаларды анықтау, білім алуға деген ынтасын арттыру, сондай-ақ логикалық ойлауын, сауаттылығын және зияткерлік қабілеттерін жетілдіру.
Олимпиадалар оқушылар үшін өз білімдерін көрсетуге, тапқырлық танытуға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға тамаша мүмкіндік болды!
Барлық оқушыларға оқуда табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

