"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық» ақпараттық жадынамалары

12.10.2026

«Интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық» ақпараттық жадынамалары

Цифрлық сауаттылықты арттыру және оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыс аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәлімгерлер Мектеп парламентінің мүшелерімен бірлесіп, «Интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында ақпараттық жадынамалар дайындап, оқушыларға таратты.

Мақсаты: оқушылардың Интернет желісін қауіпсіз пайдалану ережелері туралы хабардарлығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу және жеке ақпаратты жариялау мен таратуға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Оқушыларға цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды. Жеке деректерді, құпиясөздерді және отбасы туралы ақпаратты қорғау, бейтаныс пайдаланушылармен қарым-қатынас жасауда сақ болу, сондай-ақ күдікті сілтемелерге өтпеу және белгісіз файлдарды ашпау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Оқушыларға Интернет желісінде кездесуі мүмкін кибербуллинг, интернет-алаяқтық, фишинг, аккаунттарды бұзу, жеке фотосуреттер мен басқа да ақпаратты рұқсатсыз тарату сияқты қауіп-қатерлер туралы түсіндірілді.

Жадынамаларда сенімді құпиясөздер құру, құпиялылық баптауларын пайдалану және белгісіз дереккөздерден келіп түскен ақпаратты мұқият тексеру бойынша ұсыныстар да қамтылды.

Қауіпті жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібіне ерекше көңіл бөлінді: жанжалға араласпау, күдікті хабарламаларға жауап бермеу, дәлелдерді сақтау және дер кезінде ата-аналардан, педагогтерден немесе сенім артуға болатын басқа ересектерден көмек сұрау қажеттілігі ескертілді.

Ақпараттық жадынамаларды тарату оқушыларды күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы әрі қолжетімді ақпаратпен қамтуға мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Интернет желісінде қауіпсіз, саналы әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 39


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст