12.10.2026
«Педагогикалық дебют – 2026»: байқаудың екінші кезеңі – жас педагогтердің ашық сабақтары
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жас мамандар арасында ұйымдастырылған «Педагогикалық дебют – 2026» мектепішілік байқауы жалғасуда.
Байқаудың алғашқы кезеңі – «Визиттік карточка» кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде жас педагогтер өздерін таныстырып, мамандық таңдаудағы себептері, алғашқы жетістіктері мен педагогикалық идеялары туралы әңгімеледі.
Байқаудың екінші кезеңі – «Ашық сабақ» жас мамандардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және оқытудың заманауи әдістерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Жас мамандар өздерінің педагогикалық әлеуетін танытып, сабақ барысында әртүрлі жұмыс түрлерін, интерактивті тапсырмалар мен заманауи білім беру технологияларын қолдануда. Олардың басты мақсаты – әр сабақты қызықты, танымды әрі нәтижелі ұйымдастыру.
Ашық сабақтар – тек байқау сынағы ғана емес, кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі, тәжірибе алмасуға, әріптестердің қолдауын сезінуге және кәсіби жолда сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін алаң.
«Педагогикалық дебют» – үлкен мүмкіндіктердің, батыл идеялардың және болашақ кәсіби жетістіктердің бастауы!
Жас педагогтерімізге шабыт, өз күштеріне сенімділік және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

