08.10.2026
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де челлендж басталды.
4–11 сынып оқушыларын «Менің елімнің тарихы» санаты бойынша Республикалық конкурс-челленджге қатысуға шақырамыз!
Біздің байқауға ұсынған жұмысымыз — Wordwall платформасындағы интерактивті викторина. Викторина арқылы Қазақстан тарихы бойынша білімдеріңізді тексеріп, еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріп, туған жеріміз туралы жаңа деректермен таныса аласыздар.
Өткен тарихымызды зерделеу арқылы біз бүгінгі күнді жақсырақ түсінеміз және халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеп, сақтауға үйренеміз. Викторинадағы әрбір сұрақ жаңа білімге бастар бір қадам болсын!
Викторинадан өтіп, нәтижелеріңізбен пікірлерде бөлісуге шақырамыз!
Өз елінің тарихын білу — ұрпақтар сабақтастығын сақтау деген сөз!
#ДеньРеспубликиКазахстан
#РеспубликанскийКонкурсЧеллендж
#Адал_азамат
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
