08.10.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстардың бірі — мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру жаттығуларын өткізу. Дене шынықтыру жаттығулары оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, денсаулығын нығайту, көңіл-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін жақсарту, сондай-ақ оқу сабақтары басталар алдында жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жаттығулар кешеніне денені қыздыру жаттығулары, қол, иық белдеуі, дене және аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар, созылу элементтері және қарапайым жалпы дамыту жаттығулары енгізілген. Жаттығуларды өткізу барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, қауіпсіздік талаптары сақталады.
Дене белсенділігінің қолжетімді, жүйелі түрде ұйымдастырылуына және жағымды ортада өтуіне ерекше назар аударылады.
Дене шынықтыру жаттығуларын өткізу оқушылардың қимыл-қозғалысы аз өмір салтының алдын алуға, дене сапаларын дамытуға және тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысуға пайдалы әдет қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік міндеттерін іске асыруға, атап айтқанда, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, тәртіптілік, белсенділік және салауатты өмір салтына ұмтылу қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Тұрақты түрде өткізілетін дене шынықтыру жаттығулары оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырудың тиімді формасы болып табылады және олардың денсаулығын нығайтуға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

