08.10.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жас педагогтерді қолдауға, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған «Педагогикалық дебют» жас педагогтер байқауы басталды.
Байқаудың алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. Жас педагогтер өздерінің визиткаларын ұсынып, өздері, мамандыққа келу жолы, педагогикалық көзқарастары мен алғашқы жетістіктері туралы айтып берді.
Қазіргі таңда қатысушылар байқаудың келесі, аса жауапты кезеңіне — ашық сабақ өткізуге кірісті. Бұл кезең педагогтердің әдістемелік шеберлігін, оқытудың заманауи тәсілдерін қолдануын, оқушылардың қызығушылығын арттыра білуін және сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
«Педагогикалық дебют» — бұл тек байқау немесе кәсіби сынақ қана емес. Бұл — жаңа тәжірибе жинақтау, өздерінің мықты тұстарын анықтау, әріптестерімен идеялар алмасу және кәсіби жолында тағы бір нық қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Жас педагогтерімізге шабыт, қызықты сабақтар, шығармашылық ізденістер және байқаудың келесі кезеңдерінде сәттілік тілейміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

