"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау

08.10.2026

«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де белгіленген тәртіпке сәйкес апта сайын жалпы мектептік іс-шаралар, салтанатты жиындар, мерекелік және еске алу іс-шаралары, сондай-ақ мектеп өміріндегі басқа да маңызды іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған кездегі мінез-құлық ережелері: орнынан тұру, тыныштық сақтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізіне құрмет көрсету және Гимнді лайықты түрде, патриоттық сезіммен орындау қажет.

Бұл іс-шараның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік Гимнді орындау оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын, азаматтық ұстанымын және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектеп оқушылары Мемлекеттік Гимнді орындауға белсенді қатысып, ұйымшылдықты, тәртіптілікті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тұрақты түрде орындау оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 60


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст