02.10.2026
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында экологиялық сенбілік өткізілді.
Сенбілікке мектеп оқушылары, педагогтер мен қызметкерлері белсенді қатысты. Мектеп аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, түскен жапырақтар мен қураған бұтақтар жиналды, аумақтар қоқыстан тазартылып, гүлзарлар ретке келтірілді.
Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға, туған өлкенің тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Бірлескен еңбек қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Сенбілікке белсенді қатысып, адал еңбек еткен және ортақ іске өз үлесін қосқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Табиғатқа деген қамқорлық пен қоршаған ортаны таза әрі көрікті етуге деген ұмтылыс әрқайсымыздың игі дәстүрімізге айналсын!
«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/2/021026_141153_whatsapp-video-2026-10-01-at-163148.mp4