01.10.2026
Қарттар күніне орай Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ ұжымы еңбек ардагерлерін құттықтады.
Ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, мамандыққа деген беріктігі, даналығы және мектептің дамуы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Осы мерекелі күні ардагерлерге жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, жан жылуы мен жақындарының қамқорлығына бөлену тілектері жеткізілді.
Осындай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және саналы ғұмырын туған мектебіне арнаған жандарға құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін игі дәстүр.
Құрметті еңбек ардагерлері!
Сіздерге еңбектеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен даналықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр, бейбітшілік, мейірімділік және отбасылық амандық тілейміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center

