01.10.2026
Ұстаз мамандығы – бұл үлкен жауапкершілік пен күнделікті еңбекті талап ететін абыройлы мамандық. Ұстаз тек білім беріп қана қоймай, балалардың қабілеттерін ашуға, өз күшіне сенуге, мейірімділік пен құрметке, жаңа жетістіктерге ұмтылуға тәрбиелейді.
Ұстаздар күні қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары мектеп ұстаздарына арнап бейнеқұттықтау дайындады.
Бейнеқұттықтауда оқушылар ұстаздарға кәсібилігі, сабырлылығы, қамқорлығы және таңдаған мамандығына деген адалдығы үшін шынайы алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ мұғалімдерге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыс, алғыс білдіре білетін шәкірттер және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.
Ұстаз мамандығы – жай ғана жұмыс емес, жүрек қалауы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Педагог балаға білім әлемін танып-білуге, өз қабілеттерін ашуға, өз күшіне сенуге және алға қойған мақсаттарына нық қадам басуға көмектеседі.
Оқушылардың жүрекжарды жылы лебіздері ұстаздар үшін олардың маңызды әрі ізгі еңбегіне деген құрмет пен алғыстың тағы бір көрінісі болсын!
Құрметті ұстаздар, еңбектеріңізге алғысымыз шексіз! Ұстаздар күні құтты болсын!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/1/011026_164715_whatsapp-video-2026-10-01-at-132336.mp4
/public/files/2026/10/1/011026_164734_whatsapp-video-2026-10-01-at-132647.mp4