01.10.2026
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәндері онкүндігі аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Эстафета» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дене қасиеттерін дамыту, командалық рухты нығайту, өзара көмек көрсетуге, тәртіптілікке тәрбиелеу және дене шынықтырумен айналысуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Эстафета барысында оқушылар түрлі спорттық сайыстар мен тапсырмаларға қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін және командамен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара белсенді әрі тартысты жағдайда өтті. Қатысушылар спорттық бәсекелестік танытып, бір-біріне қолдау көрсетті және жеңіске ұмтылды.
Эстафета оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/10/1/011026_164226_whatsapp-video-2026-10-01-at-120936.mp4