01.10.2026
Көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка және алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәндері мұғалімдерінің онкүндігі аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Көңілді үзіліс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жағымды әрі шығармашылық атмосфера қалыптастыру, оқушылардың қиялын, ептілігін, практикалық дағдыларын және көркем еңбекке деген қызығушылығын дамыту.
Үзіліс уақытында оқушылар «Мен – болашақтың суретшісімін», «Баудың марафоны», «ЖИ-эскизді қолөнер бұйымына айналдыр», «Алтын қолды шебер» және «Үрле – жеңіске жет!» атты қызықты сайыстарға белсенді қатысты.
Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жарысып, түрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеуді үйреніп, көңілді уақыт өткізді.
Іс-шара оқушыларға көптеген жағымды эмоциялар, күлкі мен көтеріңкі көңіл күй сыйлап, үзіліс уақытын нағыз шығармашылық пен шеберлік алаңына айналдырды!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

