"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Әскери және еңбек даңқы музейіне экскурсия

30.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп оқушылары үшін Әскери және еңбек даңқы музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияны мектептің аға тәлімгерлері өткізді. Оқушылар туған өлкенің тарихымен танысып, жерлестеріміздің ерлікке толы өткен тарихы, еңбек жетістіктері және туған кентіміздің дамуына қосқан үлестері туралы құнды мәліметтер алды.

Музейге бару оқушылар үшін тарихқа қызықты әрі танымды саяхат болды. Экскурсия барысында туған өлкенің маңызды оқиғалары мен ел тарихында өзіндік із қалдырған азаматтар туралы білімдерін кеңейтіп, тарихи мұраны құрметтеу мен өткенді есте сақтаудың маңызын түсінді.

Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи жадыны сақтауға және өлкеміздің мақтан тұтарлық тұлғаларын құрметтеуге ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

/public/files/2026/9/30/300926_184013_whatsapp-video-2026-09-30-at-165610.mp4

Просмотров: 3


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст