28.09.2026
Ақмола облысы Полиция департаментінің хаты негізінде 23–25 қыркүйек аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарды көмек алудың қолжетімді тетіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» ақпараттық-профилактикалық акциясы өткізілді.
Акция аясында азаматтардың құқықтарын қорғау шаралары мен көмекке жүгіну алгоритмдері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсететін қызметтер мен ұйымдардың жұмысы туралы ақпарат беруге, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi

