"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Ұстаздық еңбектің ардагер ұстаздары!»

24.09.2026

«Талантты жан қай жолды таңдаса да,
Жетістікке жетер әр қадамда.
Қай жерде де биіктерді бағындырып,
Жеңістерге жетеді ол талай мәрте...»

Директор — бұл жай ғана қызмет емес, бұл — жүрек қалауы, үлкен жауапкершілік пен ерекше дарын!

Кей адамдардың еңбегі қызметтік міндеттерімен ғана шектелмейді. Олар өз ісіне деген адалдығымен, даналығымен, қамқорлығымен және адамға деген жылылығымен ұжымда ерекше ахуал қалыптастырады. Біздің мектеп директоры Мусина Гүләйім Қуанышқызы — дәл сондай жан.

Гүләйім Қуанышқызы Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебіне» жас қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастап, кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал бүгінде ол 17 жылдан бері мектебіміздің ұжымын абыроймен басқарып келеді.

Принципшілдігі, адамды және жағдайды терең түсіне білуі, әр тұлғаға құрметпен қарауы — Гүләйім Қуанышқызының басты ерекшеліктерінің бірі. Оған ойы мен ісіндегі дербестік, бастамашылдық, талапшылдық, мақсатқа ұмтылушылық, турашылдық және өз сөзіне беріктік тән.

Мектепті басқару — үлкен жауапкершілік. Әр шешімнің артында балалардың тағдыры, педагогтердің кәсіби еңбегі, ата-аналардың сенімі және мектебіміздің болашағы тұр. Ал басшының талапшылдық пен әділдікті түсіністікпен, қолдаумен және адамға деген ізгі қарым-қатынаспен үйлестіре білуі — ерекше құндылық.

Біздің директорымыз Гүләйім Қуанышқызы әр адамды тыңдай біледі, қажет кезде қолдау көрсетеді, ақыл-кеңесін береді және шабыттандырады. Ұжымның әр мүшесіне деген ықыласы мен назарынан өзара құрмет, ынтымақтастық пен сенімге негізделген ерекше орта қалыптасады.

Оның білімі, біліктілігі мен мол тәжірибесі күрделі жағдайларда бәрімізге бағыт-бағдар береді.

Сонымен қатар мектебімізге деген қамқорлығы, оның дамуына деген ұмтылысы, педагогтердің бастамаларын қолдауы және оқушыларымыздың жетістіктеріне көңіл бөлуі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Мектептің әр жетістігінің артында күнделікті еңбек, жауапкершілік және ортақ нәтижеге деген шынайы қызығушылық жатыр.

Құрметті Гүләйім Қуанышқызы!

Сізге даналығыңыз, сабырыңыз, кәсіби шеберлігіңіз бен адамға деген жылылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Жаныңыздың жастығын әрдайым сақтап, айналаңызға шуақ сыйлап, өмір жолыңызда нық қадаммен, мақтанышпен алға жүре беріңіз!

Әр жаңа күн Сізге атқарған еңбегіңізден қанағат, шәкірттеріңіз бен ата-аналардың алғысын, әріптестеріңіздің құрметін және жасаған еңбегіңіздің ешқашан зая кетпейтініне деген сенім әкелсін.

Сізге зор денсаулық, күш-қуат, жаңа идеялар, кәсіби табыстар және мектебіміз бен ұжымымыздың жетістіктеріне мақтанатын сәттердің көп болуын тілейміз!

Сізге деген зор құрметпен, сүйіспеншілікпен және шынайы алғыспен —
КММ «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінің» ұжымы.

#БіздіңДиректор
#БіздіңМектеп
#МектепҰжымы
#БірліктеКүш

Просмотров: 63


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст