23.09.2026
Дене шынықтыру минуты — сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйдің кепілі!
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де сынып жетекшілері оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған дене шынықтыру минуттарын өткізді.
Қысқа уақытқа созылған белсенді үзіліс барысында оқушылар қарапайым дене жаттығуларын орындады: бой жазу, еңкею, бұрылу, қол мен аяққа арналған жаттығулар жасады. Мұндай әрекет түрін ауыстыру шаршау мен дене ширығуын басуға, зейінді қалпына келтіруге және әрі қарай оқу жұмысына көңіл бөлуге көмектеседі.
Дене шынықтыру минуттары көңілді әрі белсенді өтіп, қатысушыларға сергектік пен жағымды көңіл-күй сыйлады.
Қозғалыс — денсаулық кепілі! Белсенді, сергек әрі дені сау болайық!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

