23.09.2026
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп аумағын абаттандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған сенбілік өткізілді.
Мектеп педагогтері мен оқушылары бірлесе отырып, мектеп аумағын тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Олар қоқыстар мен қураған жапырақтарды жинап, жүргіншілер жолдарын тазалап, гүлзарлар мен жасыл желектерді ретке келтірді.
Бірлескен еңбек қоршаған ортаға ұқыпты қараудың, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі болды. Осындай ортақ іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, еңбекке баулиды және тазалықтың әрқайсымыздан басталатынын еске салады.
Сенбілікке белсенді қатысып, мектеп аумағын абаттандыруға үлес қосқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
«Таза Қазақстан» — таза ел таза ауладан, таза мектептен және әр адамның қоршаған ортаға деген қамқорлығынан басталады!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/9/23/230926_102142_whatsapp-video-2026-09-21-at-165221.mp4